НАТО шығыс шекарасында жоғары дайындыққа көшіп, қару-жарағын күшейтуі тиіс. Әскери альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг осылай деп мәлімдеді. Ол Нидерландыда Дания, Польша, Латвия, Румыния тәрізді елдердің лидерлерімен бейресми кездесу кезінде сөз сөйледі. Мадридте осы айдың соңында НАТО-ның кеңейтілген саммиті өтеді. Столтенберг сол кездесуде әскери одақты күшейту мәселесі сөз болатынын атап өтті.
Айта кетсек, Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін солтүстікатлантикалық альянс Балтық теңізі өңірінде әскери белсенділігін арттырған еді.
Авторы: Арай Төлегенқызы