Солтүстік Қазақстан облысында қос батырға кесене тұрғызылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында қос батырға кесене тұрғызылды

04.09.2014
Солтүстік Қазақстан облысында қос батырға кесене тұрғызылды

Солтүстік Қазақстан облысында жоңғар шапқыншылығы кезінде жаудың бетін қайтарып, елді азат етуге  үлес қосқан қос батырға кесене тұрғызылды.

 Сары мен Сүйір баһадүрлер Алты алашқа кеңінен танымал Батыр Баянның қандыкөйлек достары болған.

Қос батырдың жерленген жері 2009 жылы анықталған болатын. Енді араға бес жыл салып,  ұрпақтары   кесене тұрғызды.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу