Солтүстік Қазақстан облысында жоңғар шапқыншылығы кезінде жаудың бетін қайтарып, елді азат етуге үлес қосқан қос батырға кесене тұрғызылды.
Сары мен Сүйір баһадүрлер Алты алашқа кеңінен танымал Батыр Баянның қандыкөйлек достары болған.
Қос батырдың жерленген жері 2009 жылы анықталған болатын. Енді араға бес жыл салып, ұрпақтары кесене тұрғызды.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ