Алматы облысы: Қалаға қант жеткізу көлемі ұлғайтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысы: Қалаға қант жеткізу көлемі ұлғайтылды

14.06.2022

Алматыда қантқа сұраныс артты. Бұл жаз мезгіліне орай түрлі тосап, тәтті шырын әзірлеумен байланысты дейді мамандар. Сондықтан қалаға жеткізілетін қант мөлшері көбейтілді. Бұған дейін мегаполиске күніне 250 тонна қант жіберілетін. Қазір ірі сауда орындарында құмшекер келісі 445 теңгеден сатылып жатыр. Оның үстіне бір қолға 5 келіден артық берілмейді. Мамандардың айтуынша, бүгінде қоймаларға 5 мың тонна қант жеткізіліп жатыр. Қыркүйек айында Ақсу қант зауытының ашылуы жоспарланған. Өндіріс іске қосылса, Алматыға 10 мың тонна қант жеткізілмек.

Ерлан Омаров, Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары:

Бұл қоймаға күніне 300-ден 500 тоннаға дейін қант жеткізіліп тұрады. Айына 5 мың тонна жөнелтеміз. Мұның сыртында өндірушілердің тікелей сатып алушыларға жеткізуі бар. Қазір Алматы қаласына қант дер кезінде тасымалданып жатыр.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу