Қарағанды облысының Шет ауданында белгісіз індеттен 76 бас ірі қара мен бұзаулар қырылып қалды. Тағы 150-ге жуығы бақылауда тұр. Аурудың белгілері - «қарасан» індетіне жақын көрінеді. Аталған мал ауруы әдетте мүйізді ірі қарада кездеседі. Бүгінгі таңда қажетті сынамалар алынып, зертханалық сараптамаға жіберілген. Мамандардың сөзінше бірер күнде нақты диагноз қойылып, тиісті шаралар қабылданады. Сондай-ақ ауру дәлелденген жағдайда, вакциналау жұмысын жүргізу мәселесі де қаралып жатыр. Алайда, өңірде вакцина тапшылығы бар. Қазір облыс қажетті екпемен тек 30 процентке қамтылған.
Ержан Бекетбаев, ҚР АШМ Ветеринарлық қадағалау комитеті облыстық инспекциясының жетекшісі:
4 жасқа дейінгі малдардың өлімі тіркеліп отыр, бүгінгі күні олардың барлығы өртеліп, жағылды. Жәнеде Шет ауданы Ақшоқы елдімекенінің кіреберісіне санитарлық бекет қойылды. Бұл адамдар мен техника кіріп-шыққан кезде дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі.
Руслан Нұрланұлы