Ажар Ғиният: 3 жылда елде дәрі-дәрмек жасайтын 30 өндіріс ошағын пайда болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ажар Ғиният: 3 жылда елде дәрі-дәрмек жасайтын 30 өндіріс ошағын пайда болмақ

14.06.2022

Алдағы 3 жылда елде дәрі-дәрмек жасайтын 30 өндіріс ошағын іске қосу жоспарланған. Осы арқылы фармацевтика саласындағы отандық өнімдердің үлесін 50 пайызға жеткізу көзделген. Ал экспорт көлемі 3 есе артады. Жалпы, биылғы жылдың алғашқы 5 айында дәрі-дәрмек көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға өскен. Министр әлемдік ахуал мен логистикадағы қиындықтарға қарамастан, ішкі нарықты қажетті препараттармен қамтамасыз етуде мәселе жоқ деді. Керек дәрі-дәрмектің 70 пайызы медициналық ұйымдардың қоймаларына жеткізілген.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

«Украинаға байланысты 20 шақты атауы бар дәрі-дәромектің жартысына қайтадан келісім шарттар қаралып, Ресей, Үндістан жеткізушілері арқылы конкурс өткізіліп, қазір елге жеткізілуде. Бұл мәселе министрліктің қатаң бақылауында».

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу