Басты Жаңалықтар Бүгін қор биржасындағы саудада доллар сәл арзандады

Бүгін қор биржасындағы саудада доллар сәл арзандады

Валюта бағамы мынадай. Бүгін қор биржасындағы саудада доллар сәл арзандады. Қазір АҚШ ақшасы 436 теңге, еуро 460, ал рубль 7 теңге 60 тиын тұрады. Ал валюта айырбастау орындарында доллар 435-436 теңгеден сатылып жатыр. Ұлттық банк төрағасы қаржы нарығындағы жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан өткен айда теңге 7 пайызға нығайған дейді. Бұған мұнай мен газ бағасының өсуі әсер етіп отыр. Әрі шетел валютасына сұраныс едәуір азайған.


Бөлісу