Алматыда балалар арасындағы бүйрек ауруы өршіп тұр. Зәр шығару жолдарының инфекциясы бұрын екінші орында болса, қазір респираторлық аурулардан асып түсіп, алдыңғы қатарға шыққан. Дәрігерлер осылай деп дабыл қағып отыр.
3 жасар Момбекдиардың ауруханада ем қабылдап жатқанына бір аптадан асты. Қазір жағдайы жақсы. Зәрі қан аралас болғанын көріп, анасы шұғыл түрде ауруханаға жеткізген.
Анар Анарбекова, Момбек Диярдың анасы:
Майдың басында тұмаумен ауырғанбыз. Ауырып болғаннан кейін, құлағы асқына берді. Құлағына дәрі тамызып жүргенде, 4-күні зәрінде қан пайда болды. Тұмауы асқынып, нефротический синдром деген диагноз қойып, ем берді.
Бұл бөлімшеге күніне ең аз дегенде 5-6 баладан түседі. Былтырмен салыстырғанда, бүйрек аурына шағымданатындардың қатары 20 пайызға көбейген. Олардың дені өздігінен зәр шығара алмайды. Мамандар ең алдымен, балалардың суды көп ішіп, кіші дәретін қуықта ұзақ ұстамауын қадағалау қажет,-дейді. Сонымен қатар іш қатудың алдын алу керек.
Сәуле Алпысбаева, №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы нефрология бөлімшесінің меңгерушісі:
Су ішпеген адамдардікі дене құрғайды деген сөз. Ал дене құрғаса, бүйрекке өте зақым түсіреді. Кейбір балалардікі почечная недостаточностьқа дейін жетеді уақытылы емделмесе. Кішкентай күнінен бала судың дәмін білу керек. Содан кейін жиі-жиі тосып тұру керек.
Дәрігерлердің сөзінше, зәр шығару жолдарының инфекциясы бірінші кезекте қыз балаларда кездеседі. Аурудың 80 пайызы микробтық қабынуға байланысты. Егер баланың бүйрегі ауырып, қан аралас зәр шығарса, бірден зәр талдауын жасатып, ағзаға ультрадыбыстық зерттеу жүргізу қажет.
Фариза Мұсақызы