Елімізде әрбір үшінші адам қанға мұқтаж - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әрбір үшінші адам қанға мұқтаж

14.06.2022

Елімізде әрбір үшінші адам қанға мұқтаж. Әсіресе, алып шаһар Алматыда оған сұраныс жоғары. Былтыр мегаполистегі арнайы орталықтар 11 мың литр қан жинаған. Осы бір игі істі дәріптеп, насихаттау мақсатында дүниежүзілік донорлар күнінде белсенді тұрғындар марапатталды.

Ануар Балахметов осымен бесінші жыл қатарынан қан тапсыруды әдетке айналдырған. 59 жастағы қала тұрғыны өзгеге өмір сыйлаумен қатар, өзінің де денсаулығына жауапкершілікпен қарайды.

Әнуар Балахметов, қала тұрғыны:

Адамдар келеді біреу жол апатына түсті деп. Осындай қан тобы керек деп. Сұрайды ағай сіз бізге тапсырыңыз деп. Мен тегін тапсырамын, ала беріңіздер деймін. 02:39 Үйде ұлым тапсырады, жолдасым тапсырады. Үйреттім бәрін.

Алматыдағы орталық былтыр 11 000 литр қан жинаған. Одан бөлек мұнда келушілер тромбоциттық концентраттар тапсырады. Мұқтаж жан үшін таптырмас дүние. Мамандардың сөзінше, пандемиядан кейін шаһарда донорлар саны күрт өскен.

Жандос Нәдіров, қалалық қан орталығының директоры:

Күнделікті 70-100 донор келеді. Сосын аптасына 1-2 екі рет мекемелерді аралаймыз. Барып, жұмысшылармен келісіп, қан аламыз.

Статистика бойынша 1000 тұрғынға кемінде 40 донордан болуы керек. Сондықтан, олардың саны өсіп жатқаны қуанышты жайт, дейді мамандар.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Міне мен де мұқтаж жандарға қол ұшын созуды ұйғардым. Айта кету керек, кез келген адам донор бола алады. Бірақ, мұндай игі іске бармас бұрын, мынадай талаптарды ескерген дұрыс. Мысалы, дене салмағы 50 келіден кем болмайтын 18 бен 60 жас аралығындағы азаматтар ғана қан тапсыра алады екен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, үнемі қан тапсыратын адам 5 жылға ұзақ өмір сүреді. Осы қағидатқа сүйеніп, орталыққа тұрақты түрде келетіндер бар. «Донарлар күніне» орай белсенді тұрғындарға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Нұрсұлтан Тілектесов 

Хабарламаларға жазылу