Ақтөбеде мыңға жуық жас жұмыспен қамтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мыңға жуық жас жұмыспен қамтылды

14.06.2022

Ақтөбеде қоғамдық жұмыстарға барғысы келетін жастар көп. 16 жастан асқан оқушылар мен студенттер жазғы демалыста бос жатпай, ақша таба алады.

Олар қала көркіне үлес қосып, тазалық жұмыстарына қолғабыс жасайды. Қазірдің өзінде шаһар көшелері мен саябақтарда 150-ден астам жас еңбек етіп жүр. Тағы екі жүзге жуығы өз кезегін күтіп отыр. Жалпы жаз басталғалы үш жарым мыңдай азамат еңбекпен қамтылды. Оның жартысы жастар. Бұдан бөлек, «Ұрпақтар келісім шарты», «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары бар. Жастар тәжірибесіне 97 түлек жолдама алды. Жалпы саны мыңға тарта жас тұрақты жұмысқа орналасты.

Жадыра Кенжебаева, қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы:
Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына жазғы демалыста ата-анасының келісімімен қабылданады. Жас айырмашылықтарына байланысты, олардың жалақысы да әртүрлі. 16 жаста болса, 66 мыңнан жоғары, ал 18 жастан асқандар 90 мыңнан жоғары айлық ала алады.


Хабарламаларға жазылу