Цифрлық даму министрлігі байланыс сапасын жақсарту үшін заңанама әзірлеуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цифрлық даму министрлігі байланыс сапасын жақсарту үшін заңанама әзірлеуде

14.06.2022

Былтыр сапасыз қызмет көрсеткен байланыс операторларына 132 миллион теңге айыппұл салынған. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ашық есік күнінде айтылды. Вице-министрдің сөзінше, қазір сапаны бақылап, қалыпқа келтіру мақсатында тексеру жұмыстары қолға алынған. Жиында елдегі телекоммуникация саласын қарқынды дамыту үшін заңнаманы жетілдіру жайы сөз болды. Соның ішінде радиожиілік спектрін қайта бөлуге заң жүзінде база жасалып, байланыс желісін пайдалану ережелерін бекіту керектігі талқыланды.

Асхат Оразбек, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары
Цифрлық экономиканы дамыту аясында байланыспен барлық қазақстандықты қамтып, телекоммуникациялық қызмет көрсететін операторды таңдау мүмкіндігін ұсыну маңызды. Жолдарды жобалағанда жол бойымен талшықты-оптикалық байланыс желісін салуды заңмен бекіту қажет. Ол ауылды елді-мекендерді 4G желісімен қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ көппәтерлі үйлердің инфрақұрылымы барлық байланыс операторларының бәріне бірдей қолжетімді болуы тиіс.


Хабарламаларға жазылу