Павлодардағы «55/12» әскери бөлімінде 32 жастағы сарбаз көз жұмды. Ол 7 жылдан бері келісімшартпен қызмет атқарып жүрген. Жақында ғана кезекті еңбек демалысына шыққан екен. Бірақ соған қарамастан кеше кешкілік КАМАЗ көлігін жөндеуге шақыртылған.
Аян Сәтбаев, 55/12 әскери бөлімінің сардары:
Аға сержант Тұрсынбаев КАМАЗ автөкөлігінің артқы дөңгелегін үрлеу барысында дөңгелек жарылып басынан ауыр жарақат алды. Сол жарақат салдарынан мерт болды. Қазіргі таңда органдармен тексеру іс-шаралары өткізілуде.
Бұл жазатайым жағдай. Бірақ демалыстағы аға сержанттың кешкілік уақытта жұмысқа шақырылуы қаншалықты заңды? Бұл сұрақтың жауабын әскери прокуратура анықтайды. Марқұмның артында әйелі мен қызы қалды.