30 тамыз күні Шымкент қаласының тұрғындары Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай бұқаралық велошеру өткізді.
Шымкент дендросаябағынан бастау алған шараға 200-ден астам адам қатысты. Оның ішінде қалалық әкімдік, Денешынықтыру және спорт істері жөніндегі басқарма, спорт мектептері мен №2 велоспорт мектебінің өкілдері, сондай-ақ, футболшылар, палуандар, боксшылар және Оңтүстік Қазақстан облысының гимнастшылары бар.
Қашықтығы 7 шақырымнан тұрған велошерудің мәре сызығы Ордабасы алаңында болды. Барлық қатысушы мәреге жеткенде ҚР Әнұранын шырқады. Одан кейін шараны ұйымдастырушылар өкілі Рауан Берікұлы Қазақстанның Велоқауымдастығы атынан барлық қазақстандықды мерекемен құттықтады.