Испанияда соңғы 20 жылда болмаған ыстық болып тұр. Елдің кейбір өңірлерінде сынап бағанасы 40 градустан асты. Ауа-райы мамандарының мәліметінше, алдағы күндері сынап бағанасы 43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Күннің шыжуына Солтүстік Африкадан жеткен жылы ауа толқыны ықпал етіп отыр.
Бұған дейін аптап ыстықтан Үндістанда егіннің жартысы күйіп кеткен еді.