Жапонияның төл ақшасы йен арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның төл ақшасы йен арзандады

13.06.2022

Жапонияның төл ақшасы АҚШ валютасына қатысты 20 жылдық минимумге дейін арзандады.

Рейтер агенттігінің мәліметінше, доллардың жапон валютасына шаққандағы бағамы 135 йен. Ел үкіметі ұлттық валютаға қолдау көрсету үшін интервенция жасай ма, жоқ па - ол жағын жарияламады.

Доллар - АҚШ-та инфляцияға қатысты ақпарат шыққаннан кейін қымбаттады. Федералдық резерв жүйесі инфляцияның өсуін тоқтату үшін пайыздық мөлшерлемелерді көтеруі мүмкін.

Жапон валютасының арзандауына тағы бір себеп - әлемдегі шикізаттың қымбаттауы да әсер етіп отыр.   

Хабарламаларға жазылу