Павлодардағы «5512» әскери бөлімінде 32 жастағы сарбаз көз жұмды.
Ол 7 жылдан бері келісімшартпен қызмет атқарып жүрген. Жақында ғана кезекті еңбек демалысына шыққан екен. Бірақ соған қарамаcтан кеше кешкілік КАМАЗ көлігін жөндеуге шақыртыпты.
Аян Сәтбаев, 55/12 әскери бөлімінің сардары:
Аға сержант Тұрсынбаев КАМАЗ автөкөлігінің артқы дөңгелегін үрлеу барысында дөңгелек жарылып басынан ауыр жарақат алды. Сол жарақат салдарынан мерт болды. Қазіргі таңда органдармен тексеру іс-шаралары өткізілуде.
Бұл жазатайым жағдай. Бірақ демалыстағы аға сержанттың кешкілік уақытта жұмысқа шақырылуы қаншалықты қажетті және заңды? Бұл сұрақтың жауабын Әскери прокуратура анықтайды.
Марқұмның артында әйелі мен қызы қалды.