14 жасар баланы көшеде кезекшілік атқарып жүрген тәртіп сақшылары өзенге батып бара жатқан жерінен құтқарып қалды.
Полицейлердің сөзінше, Есентай өзенінің жағасында достарымен қыдырып жүрген. Ол арнайы қоршау арқылы арғы жағаға өтпекші болғанда сүрініп, суға құлап кеткен. Батып бара жатқан баланы көріп, құқық қорғау қыметкерлері жедел әрекет етіп, дер кезінде құтқарып қалған.
Қазір баланың жағдайы жақсы.
Жасөспірім:
Аяғым тайып, құлап кеттім. Қатты қорықтым. Бағыма орай, тәртіп сақшылары құтқарып қалды.
Жасөспірімнің анасы:
Дер кезінде керек жерден табыла білген тәртіп сақшыларына алғыс айтамын. Полицейлердің арқасында балам аман қалды.