«Алматы» және Елорда жастары» секілді тұрғын үй бағдарламалары пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алматы» және Елорда жастары» секілді тұрғын үй бағдарламалары пайда болады

10.06.2022

Еліміздің өзге өңірлерінде де «Алматы» және Елорда жастары» секілді тұрғын үй бағдарламалары пайда болады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл жұмыстардың қалай жүріп жатқанын хабарлады.

Мәселен Ақтөбе облысында «Ақтөбе жастары» және «Жастарға арналған қолжетімді баспана» бағдарламалары іске қосылады.

Шарты мынадай. Алғашқы жарна 3,5-10 пайыз аралығында. Ең жоғары қарыз көлемі 8 миллион. Мерзім 6-9 жыл аралығында. Ал Алматы облысында «Жетісу жастары» жобасы іске асады. Мұнда алғашқы жарна 0 пайыз, мөлшерлеме 5 процент, ең жоғары қарыз 10 миллион теңге 25 жылға дейін беріледі. Оны іске асыруға 1 миллиард теңге бөлінген. Әзірге үміткерлердің жасы мен бағдарлама қашан басталатыны жайлы мәлімет жоқ.



Хабарламаларға жазылу