«Стелс-Омикрон»: 10 Облыс пен қос қалада анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Стелс-Омикрон»: 10 Облыс пен қос қалада анықталды

10.06.2022

Он облыс пен екі қалада «Стелс-Омикрон» штамы анықталды. Сәуір мен мамырда жүргізілген ПТР тексерістің нәтижесіне сәйкес, коронавирустың бірнеше штамы тіркелген. Оның қатарында індеттің жылдам жұғатын «Омикрон» мен «Delta» түрлері бар. 

Ал, «Стелс-Омикрон» Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Бұл тізімде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары да бар. Жалпы ел аумағында эпид ахуал тұрақты. Денсаулық сақтау министрлігі індетке қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинациядан өтуге кеңес береді. Бүгінде екпенің үш түрі қолжетімді. Файзер, Синофарм және ҚазВак.

Хабарламаларға жазылу