Президент жоғарғы сот төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жоғарғы сот төрағасын қабылдады

10.06.2022

2018 жылға дейін ауыр және аса ауыр қылмыс жасап сотталған 23 адам ақталса, соңғы 4 жылда 160-тан астам азамат кінәсіз деп танылған. Көрсеткіш 7 есе артты. Президент қабылдауында болған жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов осылай деді. Ол азаматтық дауларды сотқа жеткізбей шешу мәселесіне тоқталды. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімшілік юстиция туралы да айтты. Сонымен қатар Президент кадр сапасын жақсарту, азаматтардың сотта қорғалуын күшейту, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және басқа да міндеттер туралы нақты тапсырма берді.

Хабарламаларға жазылу