Алматы қаласында да бүгін Конституция күніне арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Мейрамға орай Республика сарайының алдындағы Абай алаңында дәл қазір концерт өтуде.
Еліміздің тұңғыш Ата заңы Алматы қаласында қабылданған еді. Бүгін Оңтүстікастаналықтар тарихи оқиғаға куә болған Республика сарайының алдында ұлық мерекені атап өтуде. Мұнда эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтуде.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ