«Стелс-омикрон»: 10 облыс пен екі қалада анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Стелс-омикрон»: 10 облыс пен екі қалада анықталды

10.06.2022

10 облыс пен екі қалада «Стелс-Омикрон» штамы анықталды. Сәуір-мамырда жүргізілген ПТР тексерістің нәтижелеріне сәйкес коронавирустың бірнеше штамы тіркелген. Оның қатарында індеттің жылдам жұғатын «Омикрон» мен «Delta» түрлері бар.

Ал «Стелс-Омикрон» Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Бұл тізімде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары да бар. Жалпы, ел аумағында эпид ахуал тұрақты. Денсаулық сақтау министрлігі індетке қарсы уақтылы вакцинация, ревакцинациядан өтуге кеңес береді. Бүгінде екпенің үш түрі қолжетімді - Pfizer, «Синофарм» және «QazVac».


Хабарламаларға жазылу