Түркия президенті Р.Ердоған сайлауға қайта түсетінін растады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия президенті Р.Ердоған сайлауға қайта түсетінін растады

10.06.2022

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған келесі жылы сайлауға қайта түсетінін растады. 68 жастағы саясаткер Эгей теңізі жағалауында өткен әскери жаттығу барысында осылай деп мәлімдеме жасады.

Ердоған биліктегі Әділет және даму партиясы мен «Халық альянсы» деп аталатын ұлтшылдар партиясы атынан бақ сынамақ. Ол Түркияны 20 жылға жуық уақыттан бері басқарып келеді.

Бірақ кейінгі жылдары елде инфляция шарықтап, қымбатшылық жайлады. Сондықтан оны және «Халық альянсын» қолдаушылар азайып келеді.

Айта кетсек, Түркияда президенттік және парламенттік сайлау 2023 жылы маусымда өтеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу