Сенаторлар тақтатас газының өндірісін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаторлар тақтатас газының өндірісін талқылады

09.06.2022

Тақтатас газын өндіру – жерді қопару деген сөз. Ондай балама отын алуға не түрткі болды? Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед заң жобасын қорғай келген министрге төте сауал қойды. Әңгіме сланецті газ жайында. Ресурс көмірсутегісі қаныққан кен орнынан игеріледі. Ондай қор Түркістан және Қызылорда облыстарында бар. Сыр өңірі онсыз да экологиялық аймақ санатында. Оның үстіне ілеспе газымыз мол бола тұра, тақтатас түріне қандай қажеттілік туған. Өндіру технологиясы жоқ, геологиялық барлау керек.

«Бұл қып-қызыл ақша», - дейді депутат.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
 Сіздің тақтатас деп айтып отырғаныңыз жердің қыртысын қопару деген сөз. Сонда онсызда экологиялық қауіпте тұрған аймақтан тақтатас өндірудің не қажеті бар? Мұның ар жағына заңға осы өзгерістермен болашақта коррупцияға тетіктерді енгізіп отырған жоқпыз ба?
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
Слансовый газ бұл  өңірде бар. Сондықтан оны реттеп, тәртіппен орнату керек.

Энергия тұтынуды тексеру тәртібі өзгереді

Электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мен жер қойнауын пайдалану бойынша заң жобасы талқыланды. Енді тоқ тұтынатын кәсіпорындарды жаппай тексеру тоқтатылады. Талдау жасалып, аз қолданатындарын артық мазаламайды. Қазір 4 жарым мың нысанның 900-мыңнан астамы энергияны шамадан тыс тұтынады. Соның себебі анықталады. Ал қалғандары өз бетінше тек есебін уақытылы жіберіп отырса жеткілікті. Бірақ министрлік ережесі мен есеп сәйкес келмесе, ол жағы елеусіз қалмайды.


Хабарламаларға жазылу