Түркия елінің 5 провинциясында жаңбыр соңы тасқынға ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия елінің 5 провинциясында жаңбыр соңы тасқынға ұласты

09.06.2022

Түркия астанасы Анкарада төпелеп жауған жаңбыр соңы тасқынға ұласты. Осыған байланысты қала көшелері өзенге айналып, көлік қатынасы тежелген. Түркия Мемлекеттік метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, бүгін елдің солтүстігінде және Ыстанбұлдың бірқатар аудандарында күн күркіреп, жаңбыр тағы да құюы мүмкін. Сондықтан аталған мекеме халыққа тасқыннан абай болуды ескертті.

Жергілікт ақпарат құралдарының хабарлауынша, Анкара, Денизли, Бурдур тәрізді бес провинцияда су апатынан 1 адам қаза тауып, бірнешеуі жараланған.


Хабарламаларға жазылу