БҚО-да бизнестегі жоспардан тыс тексеру заңсыз жүргізілген
Батыс Қазақстанда бизнестегі жоспардан тыс тексерулердің жартысынан көбі заңсыз жүргізілген. Әр үшінші тексерістің еш нәтижесі жоқ. Бұл туралы өңірде тұңғыш рет өткен кәсіпкерлерді қорғау форумында айтылды.
Аймаққа келген Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау омбудсменінің айтуынша, соңғы жылда кәсіпкерлерге қатысты 1707 іс қозғалды. Бұл бұдан 7 жыл бұрынғы көрсеткіштен 7 есе аз. Әрі оның үштен бірінде кәсіпкерлер негізсіз қылмыстық қудалауға ұшыраған.
Форумда Президенттің бизнесті қорғау бойынша құқық қорғау органдарына берілген тапсырмасы қамтылған 2022-23 жылдарға арналған жол картасына қол қойылды. Онда кәсіпкерлерді заңсыз қылмысқа тартпау, жер қатынастары, сәулет, салық, субсидия мәселелерін шешу жолдары қарастырылған.
Мәди Серпеков, облыс прокурорының орынбасары:
Бизнесті тексерудің 70%-ы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің және Төтенше жағдайлар департаментінің тексерулеріне жатады. Бұл талдау барысында қалалық Санитарлық қадағалау қызметінің бір кәсіпорынды бір жылдың ішінде 13 рет тексергені анықталды. Ал мұндай тексерулер жылына бір-ақ рет болуы керек. Оның жолы кесіліп, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада түз тағысы босатылды
18.09.2025, 14:30

ЖИ-ді білім саласына енгізудің ұлттық стандарты бекітілді
18.09.2025, 14:27
Су деңгейін бақылайтын цифрлық жүйе құрылады
18.09.2025, 14:24
Елордада «Astana Archive Fest – 2025» халықаралық форумы басталды
18.09.2025, 14:21
Жас дін көшбасшыларының ІІ форумы нақты шешімдер алаңына айналды
18.09.2025, 14:18
Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
18.09.2025, 14:15
Украинаны қаруландыруға тағы $3,5 миллиард бөлінеді
18.09.2025, 14:12
Газадағы соғыс құрбаны 65 мыңнан асты
18.09.2025, 14:09