Таразда қылмыстық топты басқарған ерлі-зайыптылар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда қылмыстық топты басқарған ерлі-зайыптылар сотталды

09.06.2022

Таразда жалған шот-фактураларды жасаумен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды. Оларлың заңсыз әрекеті салдарынан мемлекетке 1 миллиард теңге салық түспеген. Бұл туралы Қаржылық монтиоринг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 мүшесі болған. Олардың әрқайсысы жалған кәсіпорындардың тұтас желісі арқылы іс жүзінде жұмыс істемей, шот фактураларды беру қызметімен айналысқан. Тергеу барысында штаттық қызметкерлері мен өндірістік базасы болмағандығы, тек салықтан жалтару үшін жалған құжат жасағандары анықталған. Сот ұйымдасқан топтан 17 миллион теңгеден астам қаражы тәркілеп, мемлекеттік кірістер органдарының 10 миллиард теңгеден астам сомаға келтірілген залалды өтеп беруді міндеттеді. Ал қылмыстық топтың мүшелері 3 жылдан 5 жылға дейін, оны құрған еріл-зайыптылар 7 және 10 жылға сотталды.

Хабарламаларға жазылу