Таразда басына кірпіш құлаған зауыт жұмысшысы қаза тапты. Оқиға «Қазфосфат» өндіріс орнында болған.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, зауыт қызметкерінің ауыр жарақат алғаны туралы хабарламаны тексере келе, 34 жастағы азаматтың басына кірпіш құлап кеткенін анықтаған.
Ер адам жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жетпей, көз жұмған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.