Президент жарлығы күшіне енген соң Абай облыстық Мәслихатының алғашқы отырысы өтті. Онда тұрақты комиссия мен оның мүшелері сайланды. Сондай-ақ облыстық мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттары, регламентін бекіту сынды мәселе қаралды. Мәслихаттың хатшысы болып Қуаныш Сүлейменов тағайындалды. Абай облысының аумағы да бекітіліп, оның құрамына 8 аудан және 2 қала енді. Алдағы күндері жаңа тәртіп бойынша өңір депутаттары облыс әкімі лауазымына кемінде екі кандидатура ұсынады. Депутаттар өңірдің экономикасын өркендету үшін өндірістерді жандандыру қажеттігін айтады.
Қуаныш Сүлейменов, Облыстық мәслихат хатшысы:
Экономика жағдайын қарау керек. Оның нұсқасын жасау керек. Алдағы бір-екі жұманың ішінде талқылағаннан кейін бағдарлама жасау керек. Қалай осы облыстың жағдайын түзету керек екендігін.