Атырауда 106 айыппұлы бар шетелдік көлік анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 106 айыппұлы бар шетелдік көлік анықталды

08.06.2022

Атырауда 106 айыппұлы бар Грузия елінде тіркелген автокөлік анықталды.

Қала көшелерінде жүйткіп жүрген Toyota Highlander маркалы темір тұлпарды полицейлер анықтады. Тексере келе 3 млн теңгеге жуық төленбеген берешегі барын біледі. Сонымен қатар сақтандыруы да жоқ болып шықты. Хаттама толтырылып, қарызға батқан көлік арнаулы тұраққа қойылды. Иесі оны 2-3 күн бұрын сатып алғанын және айыппұлы барын білмейтінін жеткізді.

Бұған қоса инспекторлар соңғы 1 аптада мас күйінде көлік басқарған 20 жүргізушіні анықтап, оларды 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырды.


Хабарламаларға жазылу