Канаданың Квебек провинциясында маймыл шешегін жұқтырғандар көбейді. Осыған орай елдің денсаулық сақтау органы тұрғындарға жұқпалы инфекцияға қарсы екпе алуды ұсына бастады. Қазір індет анықталған науқастармен соңғы 14 күнде байланыста болған адамдар иммундалып жатыр. Соңғы мәліметке сай, Канадада 77 адам маймыл шешегін жұқтырған. Олардың 71-і - Квебек тұрғындары. Жалпы індет әлемнің 30 елінде 911 адамнан табылды. Ғалымдар аурудың неліктен тарап жатқанын анықтауға тырысып жатыр.
Арай Төлегенқызы