Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

07.06.2022

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. Бас банкир Президентке биыл қаңтар-мамыр айларында жүзеге асқан ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындысын баяндады. Сондай-ақ сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал, инфляцияға қатысты болжам мен оның бүгінгі жайы туралы мәлімет берді. Кездесуде алтын-валюта резервтерінің жай-күйі де сөз болды. Мемлекет басшысы ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға, инфляцияны ұстап тұруға және қор нарығының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.  

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу