Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беріледі

07.06.2022

Ақтөбеде көктемгі су тасқыны кезінде үйлерін су басқан тұрғындарға көмек берілетін болды. Ол үшін қала билігі 128 миллион теңгеге жуық қаржы бөлген.

Қала бойынша 142 баспана суда қалған еді. Оның көбі саяжай аумақтарында орналасқан. Кейбірі тұруға жарамсыз болып қалды. Бағалаушы компания жұмысын аяқтап, үйлерді қалпына келтіруге қанша қаржы қажеттігін есептеп шығарған. Шахар басшысының айтуынша, бөлінген ақшаны 120 үйдің иесі алады. Ал 22 баспананың құжаттары болмағандықтан, оларға демеушілер есебінен көмек беріледі.

Асхат Шахаров, Ақтөбе қаласының әкімі:

Тұрғындармен кездесіп, тиісті құжаттарды алып жатырмыз. Барлық құжаттарын алып, төлемді аударатын боламыз. 


Хабарламаларға жазылу