Қазақстан мен Қытай шекарасында барлық жұмыс қалпына келтірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай шекарасында барлық жұмыс қалпына келтірілді

07.06.2022

Қазақстан мен Қытай арасындағы екі жақты қатынастар мен достық байланыстар одан әрі нығаяды.

Бүгін Қытай әріптесін қабылдаған Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді осылай деді. Өз сөзінде ол Қытай біздің еліміз үшін сенімді әрі стратегиялық серіктес деп атап өтті.

Өз кезегінде шетелдік мейман екі ел арасындағы жұмыстар 5G бағытында да, электрондық бағытында да жүйелі түрде жүргізіліп жатқанына тоқталды. Алдағы уақытта Қазақстанға екпе жеткізуді ұлғайту мен дәстүрлі медицинаны дамыту бойынша келіссөздер жүргізілді.

Шетелдік министр: Шанхай ынтымақтастығы Ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің іс-шаралары өз деңгейінде өтіп жатқанын да атап өтті.

Ван И, Қытай Сыртқы істер министрі:
Қытай мен Қазақстан шекарасындағы өткізу бекеттерінде барлық жұмыстар қалпына келтірілді. Екі ел арасындағы әуе бағыттары ашылып, рейстер аптасына екі рет жүргізіледі. Сондай-ақ, Ақтөбе мен Қытайдағы Сиань қалаларында бас консулдықтарды ашу мәселесі де қарастырылды.


Хабарламаларға жазылу