Қостанайда мемлекеттік қызметкер адам саудасымен айналысқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда мемлекеттік қызметкер адам саудасымен айналысқан

07.06.2022

Қостанай облысының бірнеше мемлекеттік қызметкері адам саудасымен айналысты деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі хабарлады. Күдіктілердің бәрі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының» шенділері. Олар мемлекет қамқорлығындағы еңбекке жарамсыз азаматты Нұр-Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде жіберген. Қазір бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Рүстем Болатов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басқарма басшысы:

Күдіктілердің бірі сот шешімімен үйқамаққа алынды. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсының дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижесіне орай қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін қалған ақпарат жарияланбайды.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу