Қызылордада қаланы ауыз сумен қаматамасыз ететін бас тоғаннан ақау шығып, тұрғындар тіршілік нәрінен ажырап қалды. Шаһар жұрты таңнан бері абыр-сабыр күйде. Жүйедегі олқылықтан қаланың басым бөлігінде су жоқ. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, су алу кешенінде негізгі құбырдың ашып-жабу ысырмасы істен шыққан. Қазіргі уақытта барлық техника мен мамандар сонда жұмылдырылып, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Салаға жауаптылар ауыз суды қосуға күш салып жатқандарын айтады.
Әділбек Серікұлы