Қызылорда облысында аурухана қызметкерлері 14 млн теңге жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында аурухана қызметкерлері 14 млн теңге жымқырған

07.06.2022

Қызылордадағы Жаңақорған аудандық ауруханасының есепшілері бірнеше жыл бойы мемлекет қаржысын жымқырып келген. Аудиторлық тексеру кезінде олардың емдеу мекемесіне 14 миллион теңге залал келтіргені анықталды. Бұрынғы есепшілер аурухана қызметкерлермен өзара келісіп іс-сапар рәсімдеп, ешқайда бармаса да жалған құжат арқылы ақша аударып отырған.

Аймақтағы қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері есепшілердің 2015-2019 жылдар аралығында жасаған заңсыз әрекеттерін әшкерелеп, іс сотқа жіберілген. Енді олардың кінәсі дәлелденіп, Сатыбалдиева мен Шомантаеваға 7 жылға, ал үшінші тұлға Бурисбаевқа 2 жылға сотталды.


Хабарламаларға жазылу