Елімізде екі ай ішінде 9 халықаралық және 14 өңірлік есірткі трафигінің арнасы жойылды.
Сәуір, мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрші елдермен бірлесіп 30 дан аса операция жүргізген. Нәтижесінде синтетикалық есірткі өндіретін ірі 8 зертхананың жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ осы заттарды тасымалдаған 15 адам ұсталды. Заңсыз айналымнан барлығы 223 келі есірткі, оның ішінде 90 келі синтетикалық наркотик және психотроптық зат дайындауға арналған 4 тонна химиялық реагент жойылды.
Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 2,3 млрд теңгеден асады.