Сауд Арабиясымен инвестициялық ынтымақтастық нығайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясымен инвестициялық ынтымақтастық нығайды

06.06.2022

Премьер-министр Әлихан Смайылов та Сауд Арабиясы Корольдігінің сыртқы істер министрімен кездесті. Үкімет басшысы бүгінде екі ел арасында сенімді саяси диалог орнағанын, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық дамып келе жатқанын атап өтті. Өз кезегінде шетелдік мейман тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға дайын екенін жеткізді. Екі ел кәсіпкерлерінің іскерлік байланыстары үшін қолайлы жағдай жасау қажет екені атап өтілді.

Ламбриан

Хабарламаларға жазылу