Өңірлердегі өзекті мәселелерді шешуге мәслихаттар ықпал ете алуы керек. Саяси өзгерістің бір бағыты осы. Президент аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынған.
Сонымен Мәжілістің депутаттық корпусы мынадай тәртіпте жасақталады: 70%-ы – пропорционалды, яғни партия атынан. 30% мажоритарлық негізде. Демек, үміткердің қандай да бір партияда болуы маңызды емес. Тікелей сайланады. Ал, партияны тіркеу шегі 4 есе төмендейді. 20 мыңнан 5 мың адамға азаяды. Өңірлердегі өкілдер саны 600-ден 200 адамға дейін төмендейді. Ал партия құру үшін бастамашыл топтың ең төменгі саны үштен бірге қысқарды.