1995 жылы елімізде сот жүйесіне кірмейтін конституциялық кеңес құрылған. Араға 27 жыл салып, бұл құқықтық институттың орнына конституциялық сот құрылады. Бақылаушы органға кез-келген азамат жүгіне алады. Ал қазіргі конституциялық кеңес бұған дейін жекелеген азаматтарды қабылдамайтын.
Жаңа нұсқада қандай да бір заң, тіпті нұсқаулар мен ережелер конституциялық құқықты шектейді деп есептесе, ол азамат осы сотқа шағымдана алады деп жазылған. Конституциялық сот нормативтік құқықтық актілердің Ата заңға сәйкестігін Бас Прокурордың өтініштері бойынша қарайды. Және бұл орган азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын құқықтық актілердің бас құжатқа сәйкестігін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша қабылдайды.