Ел бойынша 8 млн адам дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел бойынша 8 млн адам дауыс берді

06.06.2022

Ел аумағы бойынша дауыс беру құқына ие болғандардың 68,44 пайызы бюллетень алған. Мұндай деректерді республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың комиссиялары ұсынып отыр. Сонымен алдын ала түскен ақпарат бойынша, кеше Ақмола облысы бойынша 73,81%, Ақтөбе облысы 58,06%, Алматы облысы 72,83%, Атырау аймағы 67,68%, Батыс Қазақстанда 69,37%, Жамбыл облысы бойынша 69,59%, Қарағанды өңірі 77,39%, Қостанай облысы 72,28%, Сыр өңірінде бойынша 79,89%, Маңғыстауда 61,19%, Павлодар облысы 75,53%, Солтүстік Қазақстанда облысы 75,49%, Түркістан облысы бойынша 80,66%, Шығыс Қазақстанда облысы 77,49%, Нұр-Сұлтан қаласында 57,06%, Алматы аумағында 33,30% және Шымкент шаһарында 72,53% халық референдумға қатысқан.

Хабарламаларға жазылу