Дауыс берген алғашқы қазақстандық 18 жастағы Алижан Салиев болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дауыс берген алғашқы қазақстандық 18 жастағы Алижан Салиев болды

05.06.2022

Референдумға шет елдерде жүрген отандастарымыз да белсенді қатысып жатыр. Қазір уақыт айырмашылығына байланысты кейбір батыс елдерінде дауыс беру әлі де жалғасуда. Айта кетейік, жалпы, 52 мемлекетте 65 учаскелік комиссия құрылған. Референдумда дауыс берген алғашқы қазақстандық 18 жастағы Алижан Салиев болды. Ол Токио қаласында оқып жүр. Жапония бізден 3 сағат алда. Сондықтан, Жапония мен Оңтүстік Кореядағы учаскелер алғаш болып жұмысын бастаған. Ал, Алижан мұндай тарихи оқиғаға бірінші рет қатысып тұрғанын және алдаңдаулы болғанын айтты.

Алижан Салиев, Қазақстан Республикасының азаматы:

Бұл үлкен жауапкершілік. Өйткені менің дауысым Конституцияны жаңартуда ескерілетін болады. Мен Қазақстанның Жапония сияқты дамыған елге айналғанын қалаймын.
52 мемлекетте 65 учаскелік комиссия құрылған

Сондай-ақ, Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Джакарта, Ұлан-Батыр қалаларында да дауыс беру ерте басталды. Мәселен, Бейжіңдегі 257-ші учаске Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 5-те ашылды.

Нұрлан Аққошқаров, Бейжіңдегі № 257 учаскелік референдум комиссияcының төрағасы:

Жалпы Қытайда 3 участок құрылған. Жалпы Пекиндегі ҚР азаматтар саны 100 адам дауыс береді едп күтілуде. Ганконгта 36 адам. Шанхайда 25 адам.
Шығыс мемлекеттердегі дауыс беру бізден 2-3 сағат бұрын аяқталған. Учаскелік комиссия мүшелері қазір дауыстарды есептеп жатыр.
Аманкелді Салыбеков, Қазақстан Республикасының азаматы:

Осы айтулы өзгеріске септігімді тигізе отырып, өзім бей жай қалмай өзімнің «сайлауға» дауысымды бердім. Бұл референдумнан Қазақстанға үлкен өзгерістер болатынына сенімдімін.
Гауһар Тоқтарова, Қазақстан Республикасының азаматы:

Жапонияға келгелі 3 жарым жылдан асты. Елдегі саяси және басқару жүйесіндегі реформаларға құқықтық негіз беретін бұл референдумның маңызы зор.
Польшадағы учаскелерге украинадағы отандастарымыз да барып дауыс беріп жатыр.
Ал, Польшадағы учаскелерге сол елдегі Қазақстан азаматтары ғана емес, Украинадағы жерлестеріміз де барып, таңдауын жасауда.

Дархан Кәлетаев, Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі:
Өздеріңіз білесіздер, Украинадағы болып жатқан өзгерістерге байланысты біз Украинада сайлау учаскесін ашуға мүмкіншілік болмады. Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша біз сайлау учаскесін ашпадық. Елшіліктегі жұмыс жасап жатқан азаматтар, украинада тұрып жатқан Қазақстан азаматтары сол жиырмаға шақты бүгін Польшаға, Варшава қаласына арнайы келдік дауыс беруге.
Батыс елдерінде дауыс беру әлі де жалғасып жатыр

Уақыт айырмашылығына байланысты АҚШ пен Бразилияда және басқа да батыс елдерінде дауыс беру енді басталып жатыр. Айта кетейік, шет елдерде жүрген отандастарымыз үшін 52 мемлекетте 65 учаскелік комиссия құрылған. Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, 11 мыңнан астам азамат шет елдерде жүріп таңдау жасайды.


Хабарламаларға жазылу