Бейбіт күннің батыры Сәбит Шонтақбаев дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт күннің батыры Сәбит Шонтақбаев дауыс берді

05.06.2022

Елордада биік ғимараттан құлағалы тұрған үш жастағы сәбиді құтқарып, ерлігімен көзге түскен Сәбит Шонтақбаев өз таңдауын жасады. Батыр ел үшін маңызды іс-шараға қатысуды азаматтық борышы санайды. Жалпыхалықтық дауыс беру барысында ұстанымды айқын көрсете аламыз, дейді ол .

Сәбит Шонтақбаев, қала тұрғыны:

Елу жылда ел жаңа дейді. Біз отыз жылда осындай үлкен өзгерістер енгізіміз деп сенемін. Осы бүгін референдумға дауыс беремін деп арнайы келдім. мен бәріне сенімдімін. осы алдағы болашағымыз, ұрпақтардың болашағы өзгереді, жаңарады деген үлкен сенімдемін.

Жастар белсенді дауыс беруде

Елордадағы 52-ші участкіде дауыс берушілер таңнан бері толастар емес. Іс-шара барысын 11 ұйымнан келген байқаушылар жіті қадағалап отыр. Оның төртеуі шетелдік ұйым өкілі. «Ассамблея жастары» республикалық ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев та дауыс беру үшін осында келген. Ол «Референдум - әділдік қағидаларын көрсететін басты құрал» екенін айтады.

Тимур Жұмырбаев, «Ассамблея жастары» республикалық жастар ұйымының төрағасы:

Біз жастар қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуіміз қажет. Жастар елімізде кез келген өзгеріске бей-жай қарамау керек. Жалындаған жастар барда Қазақстанның кемел келешегін білімді, әділетті, рухы биік жас азаматтар құратынына сенімдімін. Жалпы дауыс процессінің өзі жоғары деңгейде ұйымдастырылған.


Хабарламаларға жазылу