Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша ел тұрғындарының 60 пайыздан астамы дауыс беруге қатысқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша ел тұрғындарының 60 пайыздан астамы дауыс беруге қатысқан

05.06.2022

Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша ел тұрғындарының 60 пайыздан астамы дауыс беруге қатысқан. Бұл дегеніміз 7 миллионнан аса азамат референдумда таңдауын жасады деген сөз. Учаскелер кешкі 8-ге дейін жұмыс істейтінін ескерсек, таңдау жасайтындар мұнымен тоқтамайтын сияқты.

Қазір қолдағы дерек, дауыс беруде белсенділік танытқан облыстар мынадай: Қарағанды (68,69%) және Қостанай (69,12%) облыстары. Ал Қызылорда облысы тұрғындарының 72,26% даус беріп үлгеріп, тізімнің басында тұр.

Ал ірі мегаполистердің белсенділігіне келсек:

Осы уақытқа дейін Нұрсұлтан қаласының 48,40% тұрғындары таңдау жасаған.

Алматылықтардың 26%-ға жуығы дауыс беруге қатысқан.

Шымкент қаласының көрсеткішісі 63,34%.

Нұрбек Бекбау

Хабарламаларға жазылу