Семейде тұрғындардың референдумға қатысу белсенділігін Exit poll мүшелері сауалнама жүргізіп анықтап жатыр. Дауыс беру учаскелері ашылғалы мамандар азаматтардың пікірін сұрап жүр.
Exit poll өкілдерінің мәліметінше, қала халқының саяси науқанға қатысу белсенділігі жоғары. Әсіресе, жастар көп келіп жатқан көрінеді. Сауалнама жүргізушілер жұмысын кешкі 20:00-ге дейін жалғастыра береді.
Арай Құдайбергенова, Exit poll өкілі:Келген әрбір азаматқа сауал қойып, олардың жауаптарын есепке аламыз. Жастар аға буындар белсенділігі жоғары. Өте жақсы. Таңертеңгі 7-ден 10-ға дейінгі аралықта белсенділік өте жоғары болды.