Exit poll өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Exit poll өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр

05.06.2022

Дауыс беру учаскелерінде Exit poll өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр. Олар дауыс беріп шыққан адамдардың барлығына бір ғана сұрақ қояды. Ол Сіз «иә» немесе «жоқ» деген нұсқаның қайсысын таңдадыңыз деген сауал. Жауап беру һәм бермеу әр адамның өз еркі. Бірақ, Exit poll мүшелерінің айтуынша азаматтар белсенділік және ашықтық танытып, өз таңдауларын Exit poll қызметкерлеріне айтып жатыр екен.

Ботагөз Жүсіпова,  «СОЦИС-А» әлеуметану зерттеулері институтының аймақтық супервайзері:
Дауыс беру есебі бойынша біз қазір нақты ештеңе айта алмаймыз. Себебі оның барлығы бірден автоматты түрде ортақ базаға кетеді. Дегенмен таңертеңнен бері белсенділік өте жоғары. Әсіресе түске дейін тұрғындары легі өте көп болды.


Хабарламаларға жазылу