Алматыда дауыс берушілер саны еселенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда дауыс берушілер саны еселенді

05.06.2022

Күннің бел ортасына қарай Алматыда рефрендумға қатысушылардың саны өсті. Ел болашағы үшін таңдау жасауға келіп жатқантардың арасында қариялар да баршылық.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Міне, біз кезекті учаскедеміз. Мұнда көріп тұрғандарыңыздай жиналған халықтың қарасы қалың. Тіпті, кезек қалыптасқан. Олардың әрқайсысы ел болашағына үлес қосып, ата заңға енгізілетін өзгерістерге үн қосу үшін келіп отыр.

Өз таудаңын жасауға келгендердің бірі - Сәндібала Дәуренбаева. 85 жастағы тұрғын маңызды науқанға қатысуды азаматтық борышы деп біледі. Кейуана өзімен бірге қызы мен шөбересін де ерте келіпті. Айтуынша, баланы жас кезінен отансүйгіштікке тәрбиелеу керек.

Сәндібала Дәуренбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

Жаңа президентімізді қолдауға келдім. Отбасымызбен, мынау шөберем беске келді. Осы дауыс берді, мен қол қойдым. Сол балам, құтты болсын.

Референдум басталғалы халықтың белсенділігі артып, дауыс берушілер саны еселеніп жатыр. Ата заңымызға енгізілгелі жатқан өзгерістерге қолдау көрсету үшін баламыз екеуіміз келдік. Сол өзгерістер тезірек енсе екен дейміз. Біздің бала-шағамызға, немере-шөберемізге Қазақстан жаңғырып, жақсы деңгейдегі елдің қатарына енеді деген сенімдемін.

Үлкен сенім артып, болашағын байланыстырған шараның әділ өткенін қалайды халық. Бұл тұрғыдан тәуелсіз байқаушылардың мойнына үлкен жүк артылып отыр. Олардың сөзінше, науқан барлық ережеге сай, заң аясында өтіп жатыр.

Олжас Бейсенбаев, байқаушы:

Бірақ, тіркеуде тұрмаған адамдар және тізімде жоқ адамдар арадан шығып жатыр. Басқа облыстан келген азаматтар біз дауыс бере алмай қалдық деген реніштерін айтып жатыр.

Саяси науқаннан сырт қалмаймын деген алматылықтар үшін дауыс беруге әлі уақыт бар.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу