Қазақстан референдумды өткізуге тыңғылықты дайындалған және соның арқасында дауыс беру процесі жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл туралы отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген халықаралық байқаушылар айтты. Олардың қатысуымен бүгін тәңертеңнен бері Елордада бірнеше брифинг өтті. Халықаралық байқаушылар үшін жасалған медиа алаңда Ұлттық арна тілшілері де бар. Қазір бізбен тікелей эфирге әріптесім Берік Көшербай қосылды........
Берік Көшербай, тілші:
Қазіргі уақытқа дейін ақпарат орталығында халықаралық байқаушылардың қатысуымен 5 брифинг өтті. Міне дәл қазір 6-шысы басталды. Бұл жолы журналистер алдына ТМД парламентаралық Ассамблея өкілдері шықты. Ал бұған дейін ТМД байқаушылар миссиясының басшысы сөз сөйлеген. Жалпы, Қазақстанға алыс жақын елдерден келген қонақтар референдумның жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтып жатыр. Әзірге ешкім заңбұзушылық байқамапты. Дәл осы сәтте мұнда шетелдік журналистер де көп отыр. Олар да уақыт тауып түске дейін учаскілерге барып, дауыс беру процессін көріп, референдумға қатысушылармен сөйлесіп келді. Енді міне байқаушылар, осы орталыққа шақырылған дипломаттардың да пікірін тыңдауға мүкіндіктері бар. Көбі осы жерден бүкіл әлемге референдум жайлы хабар да таратып жатыр.
Берік Көшербай