Саяси шарадан Жамбылдық тұрғындар да қалыс қалмады әрине. Облыста 492 референдум учаскесі жасақталған.
Біз Тараз қаласындағы №50 учаскесінде тұрмыз. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға Әулиеаталықтар да өз үлестерін қосып жатыр. Бастысы референдумға келген тұрғындардың көңіл күйі жоғары. Жалпы Жамбыл облысында таңғы 7.00 ден бастап 492 референдум учаскесі жұмысын бастады. Сонымен қатар мұнда алғашқы болып дауысын берген тұрғынға, қарияларға, 18ге толған жастарға комиссия атынан арнайы сыйлықтар да табысталды.
Сембек Сейдазимов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Қосымша айта кетсек, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов дәл қазір осы біз тұрған 50 ші учаскеде референдумға қатысып дауысын беруде. Ал, облыстық референдум комиссиясының мәліметі бойынша, қазіргі сәтке дейін шамамен ... тұрғын референдумға қатысқан.
Нұрдос Болатұлы